Токаев пен Иран президенті құттықтау хаттарымен алмасты

2026 ж. 22 наурыз
Токаев пен Иран президенті құттықтау хаттарымен алмасты

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан мен Иран президенттері мейрамдарға орай құттықтау хаттарымен алмасты.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Иран Ислам Республикасының Президенті Мәсуд Пезешкианнан Ораза айт пен Наурыз мерекелеріне орай телеграммалар жолданды.

Құттықтау хаттарында бұл мейрамдық күндердің мейірім мен игілікке толы болуы, олардың мұсылман елдері арасындағы өзара ынтымақтастықты тереңдетуге және келісімді нығайтуға ықпал ететініне үміт білдірілді.

Жауап хатында Қазақстан Президенті бауырлас халықтардың бірлігі нығайып, Таяу Шығыста тұрақтылық орнауын тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ораза айт пен Наурыз сияқты киелі мерекелерге тән жаңғыру рухының иран халқына бейбітшілік пен гүлденуді әкелетініне сенім білдірді.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ТоқаевИранПезешкианОраза айтНаурыздипломатияхалыкаралык карым-катынас
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз