Токаев пен Мишустин Путиннің сапарын дайындау мен сауда өсімін талқылады
@TengriNews
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Премьер-Министрі Михаил Мишустинді қабылдады. Келіссөзде екіжақты қарым-қатынастың дамуы, соның ішінде сауда көлемінің 30 миллиард долларға жуықтауы және бірлескен жобаларды іске асыру талқыланды.
Тоқаев Ресейдің Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. «Ресей біздің негізгі сауда-экономикалық, инвестициялық серіктесіміз, біз бұған, әрине, қуаныштымыз», – деді ол.

Кездесу барысында екі жақ Владимир Путиннің мамыр айында болуы күтілетін мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне ерекше назар аударды. Президент Тоқаев бұл сапарды екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуғa күшті түрткі беретін маңызды оқиға ретінде бағалайтынын айтты.
Михаил Мишустин Қазақстан Президентіне Ресей Президентінің сәлемдемесін жеткізіп, алдағы сапарға мұқият дайындық жүргізіп жатқандығын хабарлады. «Үкімет бұл сапар алдагылар сияқты табысты болуы үшін барлығын жасап жатыр», – деді ол.

Ресей Премьер-Министрі сонымен қатар Тоқаевты ұлттық референдумның сәтті өтуімен және Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануымен құттыктады. Ол референдумның халықтың мемлекетті тиімді құру, экономиканы дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы курсты толығымен қолдағандығын растаған деп бағалады.
Кездесу барысында екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу да өтті.

Дереккөз: tengrinews.kz