Токаев Эрдоғанның келесі айда Қазақстанға мемлекеттік сапарын жариялады

2026 ж. 17 сәуір
Токаев Эрдоғанның келесі айда Қазақстанға мемлекеттік сапарын жариялады

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты. «Mapping Tomorrow, Managing Uncertainties» («Ертеңді картаға түсіру, белгісіздіктерді басқару») тақырыбында өткен іс-шараны Түркия Республикасының Парламент депутаты, бұрынғы сыртқы істер министрі Мевлют Шавушоглу модеражерледі.

Сөз сөйлеу барысында Қазақстан лидері Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоғанның рөлін ерекше атап өтті. Ол Эрдоған басшылығымен Түркияның халықаралық қатынастарда беделді ойыншы ретінде орнын нығайтатынын айтты.

Ең алдымен, осы аймақта Реджеп Тайип Эрдоған сияқты көрнекті көшбасшы басшылығымен Түркия атқаратын жетекші ролды атап өткім келеді. Біздің елдердің өз аймағымызда, өкінішке орай, мезгіл-мезгіл туындап отыратын ең өткір мәселелерді шешуде өте позитивті, тіпті айтарлықтай рөл атқара алады деп санаймын. Мұндай мүмкіндікті пайдаланып, біз келесі айда Президент Эрдоғанның Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуін үлкен ынтамен күтеміз

– деді Тоқаев.

Панельдік пікірсайыста Солтүстік Македония Президенті Гордана Силяновска-Давкова мен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Кобахидзе де қатысты.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ТоқаевЭрдоғанАнталия дипломатиялық форумыҚР-Түркия қатынастарымемлекеттік сапархалықаралық форум
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз