АҚШ Ресей мұнайына арналған санкциядан уақытша босатуды ұзартты
@TengriNews
АҚШ-тың Қаржы министрлігі Ресей мұнайын жеткізуге және сатуға рұқсат беретін жалпы лицензияның мерзімін тағы бір айға ұзартты. Бұл рұқсат 17 сәуірге дейін кемелерге тиеліп алынған мұнайға қатысты.
Лицензияның жаңа нұсқасы Шетелдік активтерді бақылау басқармасының (OFAC) ресми сайтында жарияланды. Бұл құжат 2024 жылдың 19 наурызында берілген алдыңғы лицензияны ауыстырады.
Құжатта нақты түрде көрсетілгендей, оның әрекет етуі Иранмен, оның үкіметімен немесе иран текті тауарлар мен қызметтермен байланысты операцияларға қолданылмайды.
Еске салайық, АҚШ өкіметі наурыз айында теңізде болған Ресей мұнайымен мәмілелер жүргізуге уақытша рұқсат енгізген еді. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұл шараны Иранмен соғыстан зардап шеккен нарықтарды тұрақтандыру әрекеті ретінде жариялаған болатын. Бұл рұқсат алдында 11 сәуірге дейін жарамды болды.
АҚШ Қаржы министрлігінің басшысының есептеулері бойынша, Ресей мұнайын санкциялардан уақытша босату әлемдік нарықтарға жүздеген миллион баррель шикі мұнай қосуы мүмкін.
Бұдан бұрын АҚШ үкіметі Үндістан үшін де теңіздегі танкерлерде орналасқан Ресей мұнайын сатып алуға арнайы рұқсат берген еді.
Дереккөз: tengrinews.kz