АҚШ пен Иран арасындағы тарихи кездесу Исламабадта басталды
@TengriNews
Пакистанның астанасы Исламабад қаласында АҚШ пен Иран делегацияларының тікелей келіссөздері басталды. Бұл 1979 жылдан бері екі елдің ресми өкілдері арасындағы ең жоғары деңгейдегі алғашқы тарихи кездесу болып табылады.
Дегенмен, келіссөздердің сәтті аяқталу мүмкіндігі төмен деп саналады. Екі жақ та сәтсіздіктің соғысты қайта бастау қаупін тудыратынын түсінеді, бірақ олардың бейбітшілік туралы түсініктері бір-бірінен едәуір ерекшеленеді.
Америкалық делегацияны вице-президент Джей Ди Вэнс басқарады. Оның құрамына Ақ үйдің арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Дональд Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер де кірді. АҚШ өкілдігінің мәлімдемесінше, Исламабадта барлық мамандықтар бойынша американдық эксперттер толық құрамда жұмыс істейді, ал Вашингтоннан қосымша сарапшылар қолдау көрсетуде.
Иран делегациясын парламент спикері Мохаммед Багер Галибаф жетектейді, оған сыртқы істер министрі Аббас Арагчи де қосылған. Кездесуге Пакистан премьер-министрі Шехбаз Шариф пен сыртқы істер министрі Ишак Дар да қатысады.
Иран жағы Тегеранның «АҚШ-қа сенімсіздігін» атап өтеді және Ливандағы отты тоқтату мәселесін негізгі мәселелердің бірі деп санайды. Тікелей келіссөздер басталмас бұрын, екі делегация да сенбі күні Премьер-Министр Шарифпен жеке кездесулер өткізіп, пікір алмасты.
Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, олардың делегациясы тікелей келіссөздерге тек жанама келіссөздер ілгерiлегеннен және Израиль Бейрут пен оңтүстiк Ливанға соққы бермейтiнiне кепiлдiк бергеннен кейін келістi. Дегенмен, Израиль осындай уәде берген-бермегенi белгiсiз.
Сондай-ақ иран баспасөзі АҚШ иран активтерін «тоңазытудан» шығаратынына келіскенін хабарласа, американдық ресми өкіл бұл мәліметтерге терiс жауап бердi.
Бұған дейін АҚШ президентi Дональд Трамп Иранның Ормуз бұғазы арқылы әлемді қысқа мерзімді шантаждан басқа «козыры» жоқ екенін айтқан болатын.
Дереккөз: tengrinews.kz