Shell және Қазақстан Энергетика министрлігі Жанатұрмыс кен орнын барлау туралы келісімге қол қойды

@МЭ РК
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен «Shell Қазақстан» компаниясы Ақтөбе облысында орналасқан «Жанатұрмыс» учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу туралы келісімшартқа қол қойды. Құжатты Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров және «Shell» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті, төрағасы Сюзанн Куган имзалады.
Келісімшарт сейсмикалық барлау жүргізуді, деректер жинауды және техникалық бағалауды қамтиды. Бұл әрекеттер қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес және қажетті рұқсаттар алынған жағдайда іске асырылады.
Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров: «Бұл жоба елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайту және тұрақты экономикалық өсуді ынталандыру мақсатында мұнай-газ ресурстарының ұзақ мерзімді базасын қалыптастыруға ықпал етеді», – деп атап өтті.
«Shell» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті, төрағасы Сюзанн Куган: «Бүгінгі геологиялық барлау жұмыстары туралы келісімшарттың қол қойылуы «Shell» компаниясының Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастығына деген адалдығының тағы бір растауы болып табылады. Біздің жаһандық тәжірибемізге және озық технологияларға сүйене отырып, біз елдегі геологиялық барлау мен ресурстық базаны кеңейтуге өз үлесімізді қоса беруді жоспарлап отырмыз», – деді.
Аумағы 1377 шаршы шағырымды «Жанатұрмыс» учаскесі Қазажстанның ең перспективалы мұнай-газ бассейндерінің бірінде орналасқан. Ол елде геология-барлау жұмыстарын одан әрі дамыту үшін айтарлықтай әлеуетке ие. Жобалы бағдарламада 3D сейсмикалык зерттеулер мен терең барлау ұңғымасын мүмкін болатын бұрғылау көзделген.
Жобаның аумағы мен техникалык күрделілігін ескере отырып, келісімшарттың мерзімі 2032 жылға дейін белгіленген. Жобаны іске асыру жаңартылған модельдік келісімшарт шарттары шеңберінде жүзеге асырылады. Келісімшарт мерзімі ішінде «Shell» компаниясы учаскінің орналасқан өңірінің әлеуметтік-экономикалык дамуын каржыландыру үшін кем дегенде 100 миллион теңге бөледі.
Қазіргі уакытта пайдалы казыналар пайдалану саласында мұнай мен газды барлау мен өндіру бойынша 321 белсенді келісімшарт бар.
Дереккөз: www.gov.kz