Мексикадағы шахтер 14 күн су астында қалудан аман қалды

2026 ж. 10 сәуір
Мексикадағы шахтер 14 күн су астында қалудан аман қалды

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Мексиканың Синалоа штатындағы Санта-Фе алтын-күміс кенішінде жұмыс істеген шахтер Франсиско Сапата Нахера 14 күн бойы су басқан шахтада қалып, аман-есен табылды.

Кеніш 25 наурызда құлап, су басып қалғаннан кейін жүргізілген іздеу-құтқару операциясы екі аптаға созылды. Әскери аквалангистер мен құтқарушылар суды сорып тастағаннан кейін ғана Нахераға жетуге мүмкіндік алды.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум бұл оқиғаны «таңқаларлық» деп бағалады. Ресми тұлғалар инцидент нәтижесінде екі шахтердің қайтыс болғанын, ал тағы бір жұмысшының бұрын аман-есен жер бетіне шығарылғанын растады. Апат болған сәтте шахтада 25 адам болған, олардың 21-і тез арада эвакуациялана алды.

Құтқарушылар екі апта бойы тәулік бойы жұмыс істеді. Олар сорғылар мен арнайы техниканы пайдаланып, сонымен қатар әскерилердің қолдауын алды. Аман қалған Франсиско Сапата Нахера тік ұшақпен Масатлан қаласындағы ауруханага жеткізіліп, арнайы медициналық көмек көрсетілуде.

Бұл оқиза Мексиканың тау-кен өнеркәсібіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселесін тағы да өзекті етті. Бұл салада өлімге әкелетін жағдайлар жиі орын алып жатады.

Мысалы, 2022 жылы Коауила штатындағы Эль-Пинабете кен орнындағы апат он шахтердің өмірін алып кетті. Ал 2006 жылғы Паста-де-Кончос шахтасындағы жарылыс елдің тау-кен өнеркәсібіндегі ең ауыр трагедия болып саналады – онда 65 жұмысшы қайтыс болды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Мексикашахтерқұтқару операциясыСанта-Фе кен орныСиналоаКлаудия Шейнбаумтау-кен өнеркәсібі
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз