Серік Жұманғарин Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

2026 ж. 2 сәуір
Серік Жұманғарин Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасарымен кездесті

@МНЭ РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Украинаның сыртқы істер министрінің орынбасары Александр Мищенкомен кездесті.

Келіссөз барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, сондай-ақ Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қызметін қайта жандандыру мүмкіндіктерін талқылады.

Елдер арасындағы өзара іс-әрекеттің негізгі бағыттарының бірі агроөнеркәсіптік кешен болып қала береді. Бірнеше қазақстандық облыстардың сүт шаруашылығы Украинаның Сүт өндірушілер ассоциациясымен бірнеше жыл бойы тұқымды сүтті мал жеткізу, сүт фермаларын басқару саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру бойынша ынтымақтасты жасаған.

2025 жылы Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 415,8 млн долларды құрап, бұл 2024 жылмен салыстырғанда (394,3 млн доллар) 5,4%-ға өсті. Қазақстаннан Украинаға экспортталатын негізгі тауарлар ферроқорытпалар, тыңайтқыштар, күріш және басқалар. Импорт құрылымы – шоколад және какао қосылған басқа өнімдер, нан кондитерлік өнімдер, дәрі-дәрмектер, ірімшіктер, сүзбе және т.б.

Кездесу нәтижесінде тараптар бизнес-байланыстарды белсендіруге, ММК қызметін қайта жандандыру мәселесін зерделеуге, сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешен сияқты басым секторлардағы ынтымақтасты кеңейтуге келісті.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Серiк ЖұманғарiнУкраинасаудаэкономикаагроөнеркәсiпэкспорт
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз