Сауд Арабиясы Иранға Персид шығанағы елдеріне шабуыл жасау салдары туралы ескертті
@TengriNews
Сауд Арабиясының билігі Иранға энергетикалық секторға қарсы шабуылдар жалғасса, елдің АҚШ әскери күштеріне өз базаларын пайдалануға рұқсат етуі мүмкін екенін және жауап шараларын қолданатынын хабарлады.
Бұл аптаның басында Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд ирандық коллегасы Аббас Аракчимен кездесіп, Эр-Риядтың соққылар туралы позициясын түсіндірді. Министр Сауд Арабиясының Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін кез келген тәртіптегі делдалдықты қолдайтынын атап өтті.
Иран жағы бұған жауап ретінде аймақтағы америкалық базаларды жабу мен Персид шығанағының кейбір мемлекеттерінің Вашингтонға барлау ақпаратын тапсыруын тоқтатуды талап етті. Тегеран бұл ақпаратты өзіне қарсы шабуылдар үшін пайдаланады деп санайды.
Ираннан екі дереккөз Эр-Рияд пен Тегеран арасында телефон сөйлесуі болғанын растады. Оның барысында Сауд Арабиясы Ираннан өзі мен Персид шығанағының көршілес елдеріне шабуылдарды тоқтату талабын қойды.
Иран өз позициясын растап, соққылар шығанақ елдерінің өздеріне емес, олардың аумағында орналасқан америкалық әскери базаларға бағытталған деп мәлімдеді.
АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумарындағы нысандарды, оның ішінде Тегеранды нысана алды. Соңғы деректер бойынша, онда залал келген және азаматтар қаза тапкан. Иран жауап ретінде израильдік аумақ пен Таяу Шығыстағы америкалық әскери объектілерді нысана алды.
Дереккөз: tengrinews.kz