Сауд Арабиясы Иранға АҚШ базаларын ашуы мүмкін деп қорқытты

2026 ж. 9 наурыз
Сауд Арабиясы Иранға АҚШ базаларын ашуы мүмкін деп қорқытты

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Сауд Арабиясының билігі Иранға энергетикалық секторға бағытталған шабуылдар жалғасса, патшалық АҚШ әскеріне өз әскери базаларын пайдалануға рұқсат беруі мүмкін деп хабарлады. Бұл ақпаратты Reuters агенттігінің дереккөздері жеткізді.

Агенттікке сәйкес, осы аптаның басында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал ибн Фархан әл-Сауд ирандық коллегасы Аббас Аракчимен кездесіп, Эр-Риядтың соққылар туралы позициясын түсіндірді. Министр Сауд Арабиясының Таяу Шығыстағы жағдайды бейбіт жолмен шешу үшін кез келген тәртіптегі делдалдықты қабылдауға дайын екенін атап өтті.

Иран жағы бұған жауап ретінде аймақтағы американдық базаларды жабуын және Парсы шығанағы елдерінің кейбіреулерінің Вашингтонға барлау ақпаратын тапсыруын тоқтатуды талап етті. Тегеран бұл ақпараттың өзіне қарсы шабуылдар үшін пайдаланылуда деп санайды.

Ираннан екі дереккөз Сауд Арабиясы мен Тегеран арасында шын мәнінде телефон сөйлесуі болғанын растады. Оның барысында Эр-Рияд Ираннан Сауд Арабиясына және оның Парсы шығанағы көршілеріне шабуылдарын тоқтатуды талап етті.

Иран өз позициясын растап, соққылар Парсы шығанағы елдерінің өзіне емес, олардың аумағында орналасқан американдық әскери базаларға бағытталған деді.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иран аумарындағы нысандарды, соның ішінде Тегеранды нысана алды. Соңғы мәліметтер бойынша, қиратушылықтар мен азаматтардың қаза табу фактілері бар. Иран жауап ретінде израильдік аумақ пен Таяу Шығыста орналасқан Америка Құрама Штаттарының әскери объектілерін нысана алды.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Сауд АрабияИранАҚШТаяу Шығысэнергетикаәскери базашабуыл
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз