2025 жыл журналистер үшін тарихтағы ең қауіпті жыл болды

2026 ж. 28 ақпан
2025 жыл журналистер үшін тарихтағы ең қауіпті жыл болды

@UlysMedia

ӘлемАвтор: Mangilik

2025 жыл халықаралық журналистика үшін ең қауіпті болып шықты. Журналистерді қорғау комитетінің мәліметтері бойынша, осы жылы 129 ақпарат қызметкері қаза тапты. Бұл көрсеткіш комитет статистика жинай бастаған 1992 жылдан бергі ең жоғары нәтиже болып табылады.

Құрбандардың басым бөлігі Израиль әскери әрекеттеріне байланысты болды. Комитеттің сенбіде жарияланған жылдық есебінде Израиль жасағының баспасөзге қарсы шабуылдары үшін «жүйелі түрде жазаланбауы» атап көрсетілді. Барлық қаза тапқан журналистердің үштен екіден астамы дәл осы мемлекеттің әрекеттерінен зардап шекті.

Құрбандардың көпшілігі палестиналық журналистер болса, Израильдің әуе шабуылдары Йемен газеттерінің 31 қызметкерінің өмірін де алып кетті. Сонымен қатар, комитет бүкіл әлем бойынша 2025 жылы орын алған мақсатты өлтірулердің көбіне Израиль жауапты деп санайды.

Есепте назар аударылатын мәселе – нақты сандар одан да жоғары болуы мүмкін. Газа секторындағы баспасөзге арналған шектеулер мен ауыр гуманитарлық жағдайлар инциденттерді тергеуді киындатып, дәлелдердің бір бөлігі жойылған болуы мүмкін.

Басқа дереккөздер де осындай тенденцияны растайды. Ширин Абу Акле атындағы сайттағы мәліметтер бойынша, Израильдің Газадағы соғысы басталғаннан бері шамамен 300 ақпарат қызметкері қайтыс болды.

Израиль билігі журналистердің өлімін мойындаса да, оларды қарулы топтармен байланысты деген сын айтты. Құрбандардың жұмыс берушілері мен халықаралық ұйымдар бұл айпылымдарды терістеді және оларды журналистерге деген сенімсіздікті тудыратын қауіпті іс-әрекет ретінде сипаттады.

Газа мен Йеменнен тыс журналистер Судан мен Мексикада ең көп санатта қаза тапты. Судандағы азамат соғысы салдарынан тоғыз, ал Мексикада ұйымдасқан қылмыспен байланысты зорлық-зомбылық деңгейі жоғары болғандықтан алты журналист өмірден озды. Сонымен катар, Украинаның төрт журналисі Ресей әскерилерінің шабуылдарынан зардап шекті.

Дереккөз: ulysmedia.kz

Тегтер:журналистикаИзраильПалестинаГазажурналистерхалықаралық ұйым
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз