Қазақстандық оқушылар 2025 жылы халықаралық олимпиадаларда тарихи жетістікке қол жеткізді

2026 ж. 14 наурыз
Қазақстандық оқушылар 2025 жылы халықаралық олимпиадаларда тарихи жетістікке қол жеткізді

@МП РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

2025 жыл Қазақстан оқушылары үшін халықаралық деңгейдегі жарыстарда тарихи рекордты нәтижелермен ерекшеленді. Еліміздің 1720 оқушысы 30-дан астам пәндік олимпиада мен ғылыми байқауға қатысып, барлығы 1006 медаль жеңіп алды.

Ең беделді жеті халықаралық пәндік олимпиадада Қазақстан құрамасы 27 медальға ие болды, оның ішінде 4 алтын, 13 күміс және 10 қола медаль бар. Робототехника саласындағы команда төрт мәрте әлем чемпионы атанса, химиядан құрама үшінші рет халықаралық олимпиада жеңімпазы атағын нығайтты. Физика-ғылым байқауында елдің өкілдері абсолютті чемпион атанды.

География бойынша ұлттық команда әлемде екінші орынды иеленсе, Балкан математикалық олимпиадасында Қазақстан екінші жыл қатарынан үздіктер үштігіне кірді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Акорда сарайында жеке құрметтеді. Жүлдегерлер мен олардың дайындығына атсалысушы ұстаздарға берілетін біржолғы сыйлықтардың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асады. Мемлекеттік дәрежедегі осындай қолдау тәжірибесі Мемлекет басшысының бастамасымен елде 2022 жылдан бері іске асырылуда. Бұл ретте Қазақстан осындай жүйелі көмек көрсететін әлемдегі аз санды мемлекеттердің бірі болып табылады.

Президенттің тапсырмасы бойынша келесі жылдан бастап халықаралық ғылыми конкурстардың медалистері де мемлекеттік сыйлықтар ала бастайды.

Бұл тамаша нәтижелер бірінші кезекте өздерін даярлаған оқушылардың, педагогтар мен ата-аналардың еңбегінің аркасында болса, кең мағынайда бұл білім беру саласындағы жүйелі реформалардың нәтижесін көрсетеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:халыкаральщ oлимпuaдaoкушылapҚaзырґcmaнбiлiмжетicтikмедaльПрезидент Тоќaeв
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз