Қазақстанда газ өндіру 68,2 млрд текше метрге жетті, жоспар 8,6%-ға асырылды

@МЭ РК
Энергетика министрлігінің кеңейтілген коллегиясында газ саласының дамуының негізгі көрсеткіштері мен стратегиялық жоспарлары таныстырылды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша газ өндіру көлемі 68,2 млрд текше метрді құрап, жоспардан 8,6%-ға асып кеткен.
Ресурстық базаны нығайтудағы маңызды кезең ретінде Жамбыл облысындағы қоры 1,5 млрд текше метрді құрайтын «Барханная» кен орны пайдалануға берілді. Сонымен қатар, саланы 2029 жылға дейін дамытудың Кешенді жоспары бекітілді.
Газ тасымалдау жүйесі де ауқымды дамып жатыр: 2025 жылы «Талдықорған – Үшарал» магистральды газ құбыры мерзімінен бұрын салынып бітірілді.
«Елімізді газификациялау деңгейі 64,2%-ға жетті, бұл табиғи газға қолжетімділікті 13,1 млн адам үшін қамтамасыз етті. Газ инфрақұрылымын дамыту үшін 2026 жылы 40 жобаны іске асыру мақсатында 27,6 млрд теңге бөлінді. Олардың ішіндегі негізгісі – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» стратегиялық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңін салуды аяқтау болып табылады», – деп атап өтті Ерлан Ақкенженов.
Газ өңдейтін қуаттарды салуға ерекше назар аударылуда. Осыған орай, 2026 жылдың желтоқсан айында Қашағандағы куаттылығы 1 млрд текше метр болатын ГӨЗ іске қосылуы күтілуде. Бір уақытта Жаңаөзендегі жаңа ҚазГӨЗ (0,9 млрд текше метр) үшін мемлекеттік сараптама нәтижелерін алу болжанады. Сондай-ақ Қашағандағы тағы бір куаттылығы 2,5 млрд текше метр ГӨЗ үшін техника-экономикалық негіздеме жасалу процесі басталады.
Осы бастамаларды іске асыру өндірістің жоғары қарқынын сақтауға мүмкіндік бередь және өнеркәсіп пен халықты тұрақты ресурспен қамтамасыз етеді.
Дереккөз: www.gov.kz