Қазақстан азаматтарына Иранға сапарлаудан уақытша бас тарту ұсынылады

2026 ж. 27 ақпан
Қазақстан азаматтарына Иранға сапарлаудан уақытша бас тарту ұсынылады

@МИД РК

ӘлемАвтор: Mangilik

Иран Ислам Республикасының айналасындағы шиеленіс сақталып жатқандықтан, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі азаматтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

Қазіргі уақытта Иранда тұрған қазақстандықтарға елден шығып кету, сондай-аа қауіпсіздік шараларын күшейту, сақтық таныту және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын қатаң сақтау ұсынылады.

Сыртқы істер министрлігі азаматтарды Таяу Шығыс елдеріне сапарларды жоспарлау кезінде ағымдағы жағдайды және оның кенеттен шиеленісу мүмкіндігін ескеруге шақырады.

Ирандағы Қазақстанның дипломатиялық мекемелері қалыпты режимде жұмыс істейді. Азаматтар мен олардың туыстары үшін қосымша ақпарат алуға арналған байланыс желілері ашық.

ҚР СІМ:
+7 (7172) 72 01 11 (дежурный дипломат, будни – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы);
+7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).

ҚР Елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933 (елшілік дежурлығы);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Тегеран, Даррус, Хедаят көшесі, №83.
Электронды пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com

ҚР Бас консулдығы (Горган):
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (Whatsapp);
Мекенжайы: Горган, Едалат-97 көшесі, Мина аллеясы.
Электронды пошта: gorgan@mfa.kz

ҚР Консулдығы (Бендер-Аббас):
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Бендер-Аббас, Фаджр көшесі, Вальфаджр-1, үй №7.
Электронды пошта: kzvisabnd@gmail.com

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:ИранСІМсапар ескертуконсулдық қолдауТаяу ШығысҚазақстан азаматтарыдипломатия
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз