Қазақстан Иранға сапарларды уақытша тоқтатуды ұсынады

@МИД РК
Ислам Республикасы Иран айналасындағы шиеленіс жағдайына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтарға жағдай тұрақтанғанша Иранға сапарларды уақытша тоқтатуды ұсынады.
Қазіргі уақытта Иранда тұрған қазақстандықтарға елден шығып кету, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын күшейту, сақтық таныту және жергілікті билік органдарының ұсыныстарын қатаң сақтау ұсынылады. Азаматтар жаңалықтарды бақылап отыруы тиіс.
Сыртқы істер министрлігі сонымен қатар азаматтарға Таяу Шығыс елдеріне саяхатты жоспарлау кезінде ағымдағы жағдайды және оның кенеттен шиеленісу мүмкіндігін ескеруді сұрайды.
Ирандағы Қазақстанның дипломатиялық мекемелері қалыпты жұмыс істейді. Елде тұрған азаматтар мен олардың туыстары үшін оперативті ақпарат алу сұраныстары бойынша байланыс желілері ашылып қойылған.
ҚР Сырткі істер министрлігі:
+7 (7172) 72 01 11 (дежур дипломаты, жұмыс күндері – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы);
+7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті).
ҚР Елшілігі Иранда (Тегеран қаласы):
+98 21 2256 5933 (Елшілік дежурлығы);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Тегеран қ., Даррус, Хедаят көш., №83.
Электронды пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com
ҚР Бас консулдығы Горган қаласында:
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (Whatsapp);
Мекенжайы: Горган қ., Едалат-97 көш., Мина аллеясы.
Электронды пошта: gorgan@mfa.kz
ҚР Консулдығы Бандер-Аббас қаласында:
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекенжайы: Бандер Аббас қ., Фаджр көш., Вальфаджр-1, №7 үй.
Электронды пошта: kzvisabnd@gmail.com
Дереккөз: www.gov.kz