Электр энергиясын өндіру: Қазақстан 6 жылда 106-дан 126 млрд кВт/сағ-қа дейін өсті

2026 ж. 12 наурыз
Электр энергиясын өндіру: Қазақстан 6 жылда 106-дан 126 млрд кВт/сағ-қа дейін өсті

@МЭ РК

Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрақты даму динамикасын көрсетіп келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 123,1 млрд кВт/сағ-қа жетті, бұл жоспарлы көрсеткіштен 4,4% асып түсті.

Соңғы алты жыл ішінде елдегі электр энергиясын өндіру деңгейі үнемі өсу тенденциясын сақтады. Ол 106 млрд кВт/сағ-дан бастап, 123,1 млрд кВт/сағ-ға дейін артты. Өндірістің 16%-ға өсуі энергетика саласының жоспарлы дамуын және қолданыстағы қуаттарды жаңарту мен жаңа нысандарды іске қосу бойынша жобаларды сәтті іске асыруды дәлелдейді.

2025 жылғы оң нәтижелерге дәстүрлі генерацияның жаңа объектілерін іске қосу септігін тигізді. Олардың жиынтық қуаты 166 МВт-ты құрап, Текелі энергетикалық кешені мен Топар ЖЭО-ның нысандарын қамтыды.

2026 жылы электр энергиясын өндіруді одан әрі арттыру жоспарлануда – ол 126,5 млрд кВт/сағ деңгейіне дейін өседі. Негізгі өсім жаңа куаттарды іске қосу есебінен қамтамасыз етіледі, олардың көлемі 2,4 мың МВт-ты құрайды.

Жылдың негізгі стратегиялық жобаларына Қызылордадағы (240 МВт) мен Түркістандағы (1000 МВт) ПГУ-ларды іске қосу, Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 -ні жаңарту (жалпы куаттар шамамен 1100 МВт), сондай-ая Атырау мен Текелидегі куаттарды ұлғайту енеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:электр энергиясыэнергетикаҚазақстангенерацияэнергетикалық қауыпсіздікЖЭОПГУ
Қаралым: 4

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз