Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым ұзартылуда

2026 ж. 17 сәуір
Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға тыйым ұзартылуда

@МЭ РК

Энергетика министрлігі Қазақстан аумағынан бензин, дизель отыны және мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін шығаруға қойылған уақытша тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр.

Жобаланған бұйрыққа сәйкес, 2026 жылдың 21 мамырынан 2026 жылдың 21 қарашасына дейін мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттеріне шығаруға тыйым салынатын мерзім ұзартылады. Бұл ретте жеңил дистилляттарды теміржол көлігімен шығару бойынша шектеулер де сақталады.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс жеңил дистилляттар, авиакеросин, дизель отыны, газойльдер, толуол, ксилол және мұнай битумын шығаруға қосымша тыйым салу мерзімі ұзартылатын болжам жасалуда.

Қолданыстағы шаралар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықтағы мұнай өнімдері бағаларының тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:энергетика министрлігімунай онімдерітыйымбензиндизель отыныэнергетикалык кауіпсіздікишкі нарык
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз