Принц Эдвард Лондонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерін кездестірді

2026 ж. 26 ақпан
Принц Эдвард Лондонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерін кездестірді

@МИД РК

ӘлемАвтор: Mangilik

Лондон, 25 ақпан 2026 жыл – Британ патшалық отбасының мүшесі, Эдинбург герцогы принц Эдвард Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерін ресми кездесуге шақырды. Келіссөздер барысында аймақ пен Ұлыбританияның білім, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастығының болашағы талқыланды.

«CA5+UK» форматындағы сапар Орталық Азия мен Ұлыбритания серіктестігінің жаңа бетін ашады. Осы форматтағы бірлескен жұмыс біздің мемлекеттердің дамуына қосымша ынталандыру береді және өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетеді деп сенемін», – деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Кошербаев.

Министр Қазақстанның халықаралық білім беру хабіне айналу жолындағы жұмыстарын, сондай-аа «Cardiff University», «Coventry University» және «De Montfort University» сияқты жетекші британ университеттерімен белсенді серіктестігін атап өтті. Бұл университеттер Қазақстанда өздерінің кампустарын ашты.

Кездесу барысында қазақстандық тарап британ стипендияларына, гранттары мен білім беру бастамаларына қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-аа тұрақты даму мен климаттың өзгеру мәселелерінен бастап цифрлы технологиялар мен медицинаға дейін басым салаларда бірлескен зерттеу орталықтарын құруға деген қызығушылығын білдірді.

Тарих, өнер және туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға, студенттер, зерттеушілер мен кәсіпкерлер үшін виза процедураларын жеңілдетуге, түзу әуебайланысын кеңейтуге және өңірлер арасында жаңа туристтік маршруттар қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде принц Эдвард ұзамерзімді серiктестiктiң негiзi ретiнде «жаhандар арасындағы байланыстарды» нығайтудың ерекше манызын атап етті. Ол Ұлыбританияның екі тарап үшін де басым салаларда ынтымактастыкты дамытудағы Қазаkстанның ашыктыгы мен белсендiлiгiн жоғaры бағалайтынын мәліндедi.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Принц ЭдвардОрталыk АзияҰлыбританияЕрмек Кошербаевбiлiм берухалыkаралыk ынтымаkтастыkЛондон
Қаралым: 1

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз