Принц Эдвард Лондонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті

@МИД РК
Лондон қаласында Британ патшалық отбасының мүшесі, Эдинбург герцогы Принц Эдвард Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерін ресми кездесуге шақырды. Келіссөздер аймақ пен Ұлыбритания арасындағы білім, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына арналды.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «CA5+UK» форматындағы сапардың Орталық Азия мен Ұлыбритания ынтымақтастығының жаңа бетін ашатынын айтты. Ол осы форматтағы бірлескен жұмыстың елдердің дамуына қосымша ынталандыру береді деп сенім білдірді.
Министр Қазақстанның халықаралық білім беру орталығына айналу жолындағы жұмыстарға назар аударды. Сонымен қатар, «Cardiff University», «Coventry University» және «De Montfort University» сияқты жетекші британ университеттерімен белсенді серіктестік құрылғаны атап өтті. Бұл оқу орындары Қазақстанда өз кампустарын ашты.
Кездесу барысында қазақстандық делегация британ стипендияларына, гранттарға және білім беру бастамаларына қолжетімділікті кеңейтуге деген қызығушылығын білдірді. Сондай-ақ, тұрақты даму мен климаттың өзгеруінен бастап цифрлық технологиялар мен медицинаға дейін басым салаларда бірлескен зерттеу орталықтарын құру мәселелері талқыланды.
Тарих, өнер және туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Студенттер, зерттеушілер және кәсіпкерлер үшін визалық процедураларды жеңілдету, түзу әуебайланыстарды кеңейту және аймактар арасында жаңа туристтік маршруттар қалыптастыру мәселелері де көтерілді.
Өз кезегінде Принц Эдвард ұзамерзімді серiктестiктiң негiзi ретiнде «халыqтан-халыqqa» байланыстарды нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол Ұлыбританияның екі тарап үшін де басым салалардағы ынтымақтастыqtı дамытудағы Қазаqстанның ашыqтығы мен белсендiлiгiн жоqарı баhалайтынын мәліндедi.
Дереккөз: www.gov.kz