Принц Эдвард Лондонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті

2026 ж. 26 ақпан
Принц Эдвард Лондонда Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен кездесті

@МИД РК

ӘлемАвтор: Mangilik

Лондонда Британ патшалық отбасының мүшесі, Эдинбург герцогы принц Эдвард Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлерімен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер барысында аймақ пен Ұлыбритания арасындағы білім, ғылым және технология салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.

«CA5+UK» форматындағы сапар Орталық Азия мен Ұлыбритания серіктестігінде жаңа бет ашады. Осы форматтағы бірлескен жұмыс біздің мемлекеттердің дамуына қосымша ынталандыру береді және өңіраралық ынтымақтастықты тереңдетеді деп сенемін», – деді Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев.

Министр Қазақстанның халықаралық білім беру хабіна айналу жолындағы жұмыстарын, сондай-аа «Cardiff University», «Coventry University» және «De Montfort University» сияқты жетекші британ университеттерімен белсенді серіктестігін атап өтті. Бұл университеттер Қазақстанда өздерінің кампустарын ашты.

Кездесу барысында қазақстандық тарап британдық стипендияларға, гранттарға және білім беру бастамаларына қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-аа тұрақты даму мен климаттың өзекті мәселелеріннен бастап цифрлы технологиялар мен медицинаға дейін басым салаларда бірлескен зерттеу орталықтарын құруға деген қызығушылығын білдірді.

Тарих, өнер және туризм саласындағы бірлескен жобаларды дамытуға, сондай-аа студенттер, зерттеушілер мен кәсіпкерлер үшін визалық процедураларды жеңілдетуге, түзу әуе қатынастарын кеңейтуге және аймақтар арасында жаңа туристтік маршруттар қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде принц Эдвард ұзамерзімді серiктестiктiң негiзi ретiнде «жаhаннан-жаhанғa» (people-to-people) байланыстарды нығайтудың ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол Ұлыбританияның екі тарап үшін де басым салалардағы ынтымақтастықты дамытудағы Қазакстанның ашыктыгы мен белсенділігiн жоғaры бағалайтынын айтты.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Принц ЭдвардОрталыҚ АзияЛондонбІЛІМ беруинновациялархалыҚаралыҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚЕрмек Көшербаев
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз