Қазақстанда ағаш өңдеу зауыты салынады: Үкімет инвестициялық келісімді бекітті

@МПС РК
Қазақстан Үкіметі Солтүстік Қазақстан облысында ағаш өңдеу өндірісін салу жобасы бойынша Индустрия және құрылыс министрлігі мен «Ultradecor Trading Kazakhstan» ЖШС арасындағы инвестициялық келісімнің жасасуын бекітті. Тиісті қаулыны Премьер-Министр Олжас Бектенов қол қойды.
Жобаның жалпы құны 70 миллиард теңгені құрайды. Оның іске қосылуы 2026-2028 жылдарға жоспарланған. Кәсіпорын толық қуатта жұмыс істеген кезде онда тұрақты түрде 160-тан астам жұмыс орны ашылады. Бұл ел ішіндегі ағаш өңдеуді кеңейтуге, дайын өнім шығаруды арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.
Зауыттың жылдық өндірістік қуаты шамамен 600 текше метр ДСП (ағаш талшықты плита) және 20 миллион шаршы метр ЛДСП (ламинделген ағаш талшықты плита) болады деп күтілуде.
Келісім шартта инвестордың міндеттемелері де егжей-тегжейлі көрсетілген. Олардың ішінде – тауарлар мен шикізатты, сондай-ақ жұмыстар мен қызметтерді барынша отандық өндірушілерден сатып алу міндеттілігі бар. Дайын өнімнің кем дегенде 50 пайызын инвестор ішкі нарыққа бағыттауға міндеттенеді.
Кәсіпорын жобалық қуаттың 80 пайызына шығып, толық қарқында жұмыс істей бастағаннан кейін, отандық дайын өнім экспортының көлемі жылына 60 мың текше метрге дейін артады.
Жобаны іске асыру тек экономикалық тиімділікті ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жағынан да маңызды. Өңірді әлеуметтік жағынан қолдау міндеттемелері бекітілген. Инвестор персонал үшін үздіксоз оқыту жүйесін енгізіп, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге уәде берді.
Бұл инвестициялық бастаманың іске асуы елдің ағаш өңдеушi саласының дамуына, отандық мазмұнның үлесінің артуына, жұмыспен қамтуды кеңейтуге және Казахстанның өнеркәсібiнің экспорттық әлеуетiн нығайтуғa септігін тигізер.
Дереккөз: www.gov.kz