Қазақстан мектептерінде тәуекел тобындағы оқушыларға жеке қамқорлық енгізіледі
Қазақстанның барлық мектептерінде арнайы көңіл бөлуді қажет ететін жасөспірімдерге жеке педагогикалық қамқорлық жүйесі енгізіледі. Бұл шара білім беру ұйымдарында тәуекел тобына түскен оқушыларды дер кезінде анықтауға және оларға нақты психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған.
Бұл жаңалық 2025 жылдың 30 желтоқсанында Мемлекет басшысы қол қойған «Қылмыстың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен белгіленген. Норма 2026 жылдың 2 наурызынан бастап күшіне енді. Қазіргі уақытта Білім министрлігі педагогикалық қамкорлық ережелерін бекіту бойынша жұмыстарды жүргізуде.
Қамкорлықты мектептің алдын алу кеңесінің шешімімен тағайындалады. Әрбір бала үшін нақты қолдау шаралары мен жауапты мамандармен жеке алдын алу жоспары әзірленеді.
Арнайы көңіл бөлуді қажет ететін балалар санатына оқуда қиындықтар табатын, сабақтарды негізсіз себептермен үнемі өткізіп жіберетін, антиәлеуметтік мінез-күлкы көрсететін, құқық бұзушылык жасаған, зорлық-зомбылык корганында болған немесе өмірлік киын жагдайдағы окушылар жатады.
Шара мугалимдер мен мектеп психологтарының жеке жұмысын, ата-аналармен өзара іс-кимылды камтиды. Оның максаты – қылмыстың алдын алу мен балаларга уакытында комек корсету.
Дереккөз: www.gov.kz