ЕАЭС елдерінде жүк көлігі үшін бірыңғай жүктеме нормалары бекітілді
Қазақстан Республикасының Президенті Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) мүше-мемлекеттерінің аумағындағы еуразиялық көлік дәліздері бойында қозғалатын көлік құралдарының рұқсат етілген массасы, оське түсетін жүктемесі мен габариттік өлшемдері туралы Келісімді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Бұл құжат 2024 жылдың 13 желтоқсанында Мәскеу қаласында қол қойылған. Оның негізгі мақсаты – ЕАЭС аясындағы халықаралық автомобильдік тасымалдаудың тиімділігін арттыру және мемлекеттер арасындағы техникалық талаптарды үйлестіру.
Келісімнің іске асуы әртүрлі мемлекеттердегі рұқсат етілген масса, оське түсетін жүк пен габариттерге байланысты шектеулерді жояды. Бұл халықаралық автокөлік тасымалдаушыларына тең және ашық жағдайлар жасайды.
Қабылданған шешімнің басты нәтижелерінің бірі – оське түсетін рұқсат етілген жүктің ұлғаюы. Мысалы, егер бұрынғы нормалар бойынша дара оське (дөңгелек санына қарамастан) түсетін максималды жүк 10 тоннаны құраса, жаңа ережелер мынаны белгілейді:
Бір дөңгелекті осьтер үшін (бір шина) – 10,5 тонна;
Екі дөңгелекті осьтер үшін (екі шина) – 11,5 тонна.
Сондай-ақ, жақын орналасқан осьтер тобы үшін де рұқсат етілген мәндер осьтер саны мен олардың дөңгелек санына байланысты өзгереді.
Келісімнің макроэкономикалық маңызы да зор. Оның іске асуы ЕАЭС-тің транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануға, автомобиль инфрақұрылымының сауытын қамтамасыз етуге, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және көлік қызметтерінің сапасын жақсартуға ықпал етеді.
Жарлықты бекіту Қазақстан үшін де маңызды. Бұл транзиттік тасымалдауды одан әрі дамытудың заңи негіздерін жасап, елді аймактағы негізгі көліктік-логистикалық хаб ретінде нығайтады.
Дереккөз: www.gov.kz