ЕАЭС елдерінде жүк көлігі үшін бірыңғай жүктеме нормалары бекітілді
Қазақстан Республикасының Президенті Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) мүше-мемлекеттерінің аумағындағы еуразиялық көлік дәліздері бойынша қозғалатын көлік құралдарының рұқсат етілген массалары, осьтік жүктемелері мен габариттері туралы Келісімді бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.
Құжат 2024 жылдың 13 желтоқсанында Мәскеу қаласында қол қойылған.
Бұл Келісім ЕАЭС аясындағы көлік құралдарының параметрлеріне қойылатын талаптарды үйлестіруге бағытталған. Оны іске асыру әртүрлі мемлекеттердегі рұқсат етілген масса, оське түсетін жүк пен габарит өлшемдеріндегі шектеулерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл халықаралық автомобиль тасымалдаушылары үшін тең және ашық жағдайлар жасайды.
Келісімнің негізгі мақсаттарына мыналар жатады:
- ЕАЭС-тың транзиттік әлеуетін тиімді пайдалану;
- Еуразиялық көлік дәліздері бойынша халықаралық автомобиль тасымалдарының тиімділігін арттыру;
- Автомобиль инфрақұрылымының сауытын қамтамасыз ету;
- Жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру;
- Көлік қызметтерінің сапасын жақсарту.
Жарлықтың бекітілуі транзиттік тасымалдарды одан әрі дамытуға және Қазақстанның аймактағы негізгі көліктік-логистикалық хаб ретіндегі орнын нығайту үшін заңи жағдайлар жасайды.
Оське немесе осьтер тобына түсетін рұқсат етілген массалар өседі. Мысалы, ось санына тәуелсіз, бір оське рұқсат етілетін жалпыға ортақ норма 10 тоннаны құрайды. Жаңа Келісімге сәйкес:
- Бір шиналармен (бір шинадан тұратын доңғалағы бар) жабдыталған осьтер үшін — 10,5 тонна;
- Екі шиналармен (екі шинадан тұратын доңғалағы бар) жабдыталған осьтер үшін — 11,5 тонна.
Сонымен қатар, жабыс осьтер тобы үшін рұқсат етілетән мәндер осьтер саны мен олардың скаттығына (шиналануына) байланысты өзгереді.
Дереккөз: www.gov.kz