Кувейттің Қазақстандағы жаңа елшісі сенім грамотасының көшірмелерін тапсырды

2026 ж. 14 сәуір
Кувейттің Қазақстандағы жаңа елшісі сенім грамотасының көшірмелерін тапсырды

@МИД РК

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев Кувейт Мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі ретінде жаңа тағайындалған Әділ Ахмед Сұлайман әл-Ғұнайманмен кездесті.

Кездесу барысында Кувейт елшісі сенім грамотасының көшірмелерін тапсырды. Ол екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты тереңдетуге деген адалдығын растады.

Әлібек Бақаев елшіні жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, оның миссиясы Қазақстан мен Кувейт арасындағы дәстүрлі достық және сенім негізіндегі қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар саяси диалогты белсендіру, сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті нығайту, сонымен қатар ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы өзара іс-кимылды кеңейту мәселелерін талқылады.

Сонымен қоса, Таяу Шығыстағы жағдайды қоса алғанда, аймақтық және жаһандык күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:елшіКувейтҚР СІМсенім грамотасыдипломатияекіжақты қарым-катынасАстана
Қаралым: 4

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз