Қазақстанның Руандадағы Елшісі Пол Кагамеге сенім грамотасын тапсырды

@МИД РК
Қазақстан Республикасының Руандадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Барлыбай Садыков Руанда Президенті Пол Кагамеге сенім грамоталарын тапсырды.
Сенім грамоталарын тапсыру салтанаты барысында елші екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, соның ішінде саяси диалогты белсендіруге және сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты күшейтуге Астана ерекше назар аударғанын атап өтті.
Кездесу кезінде Руанда Президенті Пол Кагаменің 2025 жылдың 27-29 мамырында болған Қазақстанға ресми сапарының нәтижелеріне ерекше көңіл бөлінді. Елші осы сапар барысында қол жеткізілген келісімдер екіжақты серіктестікті сапалы жаңа деңгейге шығару үшін берік негіз қалағанын атап көрсетті.
Өз кезегінде Пол Кагаме Қазақстан Руанда үшін маңызды және перспективалы серіктес екенін мойындап, өзара қызығушылық тудыратын барлық салаларда, соның ішінде цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайындығын білдірді. Ол Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен болған келіссөздерін жылы сезіммен еске алып, бірлескен жобаларды іске асыруға адалдығын растады.
Руанда президенті қазақ дипломатын лауазымына ресми түрде кіргенімен құттыктап, Қазақстан мен Руанда арасындағы қарым-қатынасты одан әрi нығайту ісінде табыс тіледi. Руанда басшысы ҚР Президентi Қ.Тоқаевке оның Қазақстанға сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыруға деген адалдығы үшін алғыс бiлдiрдi және Қaзaқстaнның басшылығы мен халқына жылы тiлектер жеткiздi.
Дереккөз: www.gov.kz