Қазақстан мен Корея Республикасы энергетика саласындағы серіктестігін кеңейтеді

@МЭ РК
Астанада Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде Корея Республикасының өкілдік делегациясымен жұмыс кездесулері өтті. Келіссөздер стратегиялық энергетикалық серіктестіктің болашағына арналды.
Сапар аясында ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Кореяның жоғары лауазымды делегациясымен кездесті. Екі жақ мемлекеттер арасындағы саяси диалогтың жоғары деңгейін атап өтіп, ірі инфрақұрылымдық және технологиялық бастамаларды іске асыруға қызығушылығын растады. Салалық ынтымақтастықтың тәжірибелік мәселелері Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және ресурстар жаңа министрі Ким Чон Гванмен кеңейтілген кездесу барысында талқыланды.
Кездесу барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазақстан тарапы Корея ұлттық мұнай корпорациясының (KNOC) қазақстандық нарықтағы ұзақ жылдар бойы сәтті жұмыс істеу тәжірибесін атап өтті. Екі жақ одан әрі тұрақты және өзара пайдалы экспортты қамтамасыз ету бойынша позицияларын үйлестірді.
Диалогтың тағы бір басты бағыты – Doosan Enerbility корпорациясы негізгі технологиялық серік ретінде сөз болатын электр энергетикасы болды. Бұл инвестор бұрын Атырау облысында «Қарабатан» бу-газ қондырғысын (310 МВт) сәтті салып, қазіргі уақытта Түркістан облысында 1000 МВт қуатты ірі ПГУ салудың генералды мердігері болып табылады.
Кездесулердің нәтижесінене оңтүстіккореялық технологиялы компанияларға республиканың жаңа инфрақұрылымды жобаларында тек EPC-мердігер ретінде ғана емес, сонымен қатар толы құрамдас инвестор ретінде өз қатысуын кеңейту ұсынылды.
Екі мемлекет өкілдері алғышар шешімдерді енгізу мен тұрақты экономикалы даму негізіндегі стратегиялы энергетика серiктестiгiн одан әрi нығайтуға берiлген ниеттерiн растады.
Дереккөз: www.gov.kz