Иран Ормуз бұғазындағы мұнай экспортына тыйым салды
@TengriNews
Иран әскери күштері Ормуз бұғазындағы жағдайды толық бақылауда ұстап, өздерінің «жаулары мен олардың серіктестері» үшін мұнай экспортына жол бермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Ислам революциясының күзетшілер корпусы өкілі Сардар Наини хабарлады.
«АҚШ армиясы мен сионисттік режимнің Иран халқына және оның инфрақұрылымына қарсы агрессиясы жағдайында, Иран қарулы күштері ары қарай хабарланғанға дейін аймақтан бір тамшы мұнай да экспорттауға жол бермейді», – деді ол ирандық Tasnim агенттігіне берген сұхбатында.
Наинидің айтуынша, АҚШ кемелері мен ұшақтары ирандық зымырандар мен дрондар қаупінен Ираннан 1000 шақырымнан астам қашықтықта ұстанып отыр. Сонымен бірге, америкалық әскерилер мен израильдік күштер аймақтағы қалалар мен мейманханаларда жасырынуда.
КСИР өкілі тағы да атап өткендей, Иранның қарулы күштері «қақтығыстың аяқталу мерзімін белгілейді» және Ормуз бұғазында АҚШ-тың «Джеральд Р. Форд» атты авианосесін қарсы алуға дайын.
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың соңғы уағыздарынан кейін шықты. Трамп Иранмен соғыс жақында аяқталады деп болжап, «Менің ойымша, соғыс іс жүзінде аяқталды. Оларда флот жоқ, байланыс құралдары жоқ, әуе күштері жоқ», – деген болатын.
Ол сондай-ақ Вашингтонның бастапқы болжамнан (соғыс 4-5 аптаға созылуы тиіс еді) «айтарлыктай оза алғанын» және «Иранды әлі жеткілікті жеңген жоқпыз» деген пікірін білдірген еді.
Дереккөз: tengrinews.kz