Қазақстан Ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет шетелдік мүшелер сайлады

@МНВО РК
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы өзінің тарихында тұңғыш рет шетелдік мүшелерді сайлағанын хабарлады.
Академияның 2026 жылғы 16 наурыздағы №1 Жалпы жиналысының шешімімен академияның шетелдік мүшелері ретінде әлемдік деңгейдегі көрнекті ғалымдар тағайындалды. Бұл қадам халықаралық ғыми ынтымақтастықты нығайтуға, отандық ғылымды жаһандық ғылыми кеңістікке біріктіруге және озық білім мен технологиялар алмасуын дамытуға бағытталған.
Академияның шетелдік мүшелері болып мыналар сайланды:
Геннадий Яковлевич КРАСНИКОВ – техника ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Ғылым академиясының президенті. Жартылай өткізгіш құрылғылар физикасы, микро- және наноэлектроника саласындағы көрнекті маман. Өте үлкен интегралды схемалар жасау бойынша сарапшы.
ГО Хуадун (郭华东) – Ph.D дәрежесі бар профессор, Қытай Ғылым академиясының академигі, Тұрақты даму мақсаттары үшін Ірі деректерді зерттеу халықаралық орталығының директоры (ҚХР). Жасанды интеллект және кеңістіктік-уақыттық модельдеу саласындағы жетекші ғалым. Радарлық барлау және Жер туралы ірі деректер бойынша маман.
Хельмут ШОБЕР (Schober Helmut) – Ph.D дәрежесі бар профессор, Еуропалық нейтронды зерттеу орталығының директоры (Швеция). Атом энергетикасы саласындағы көрнекті маман. Нейтрон физикасы және нейтрондардың затпен өзара әрекеттесуі бойынша сарапшы.
Марк Кристофер ЭЛЛИОТТ (Mark C. Elliott) – Ph.D дәрежесі бар профессор, Гарвард университетінің вице-провосты (АҚШ). Көрнекті синолог-ғалым, Қытай мен Еуразия тарихы мен саясаты бойынша маман. Империялық кезеңдегі Ішкі Азияны зерттеуші.
Қабылданған шешім қазақстандық ғылымның халықаралық беделін арттыруда, әлемнің жетекші ғылыми орталықтарымен ынтымақтасты кеңейтуде және бірлескен зерттеулерді дамытуда маңызды қадам болмақ.
Академия халықаралық ғыми өзара іс-әрекетті одан әрi дамытуға және елдің ғылыми әлеуетін нығайтуға ниетті екенін бiлдiредi.
Дереккөз: www.gov.kz