ШОС кеңесінде Қазақстан фитосанитарлық серіктестік туралы хаттамаға қол қойды

@МСХ РК
Ауыл шаруашылығы министрлігінің делегациясы Қырғыз Республикасында өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ) мүше-мемлекеттерінің өсімдік карантиніне жауапты ведомстволарының басшыларының үшінші кеңесіне қатысты.
Жұмыс тобын Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешен мемлекеттік инспекциясы комитеті төрағасының орынбасары Мұрат Ырғыбаев басқарды.
Кездесу барысында ұйым аясындағы өзара ауылшаруашылық өнімдері саудасын кеңейтудің негізгі факторларының бірі ретінде фитосанитарлық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланды. Жиында топтық фитосанитарлық қауіпсіздікті нығайту, талаптарды үйлестіру және елдер арасында ақпарат алмасу сұрақтарына ерекше назар аударылды.
Кездесудің нәтижесінде ШЫҰ мүше-мемлекеттер арасында ауылшаруашылық өнімдері саудасына өзара ықпал етуге қарасты бірлескен тәсілдерді бекітетін бірлескен Хаттамаға қол қойылды.
Кеңес шеңберінде сонымен қатар Қазақстан делегациясы мен Қытай Халық Республикасы өкілдерінің екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар Қытай нарығына ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауды кеңейту және жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары туралы талқылады.
Сонымен қоса, экспорт процедураларын жүйелеу және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру мәселелері қарастырылды. Бұл жеткізуді болжамды етуге және отандық агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін іске асыруды нығайтуға мүмкіндik бередi.
Комитет өкілдерi сапа мен өнім қауiпсiздiгiн бақылау саласындағы ынтымақтастыkты одан әрi тереңдетуге дайындығын атап өттi.
Қол жеткізілген келісімдер Қазақстан мен ҚХР-ның кедергілерді жоюдағы және ұзар мерзімді агроөнеркәсіптік байланыстарды нығайтудағы өзара мүдделілігін растайды.
Дереккөз: www.gov.kz