Колумбияда лайлы жанартау атқылады, тұрғындар эвакуациялануда

2026 ж. 1 наурыз
Колумбияда лайлы жанартау атқылады, тұрғындар эвакуациялануда

@TengriNews

ӘлемАвтор: Mangilik

Колумбияның Антиокия департаментіндегі Сан-Хуан-де-Ураба муниципалитетінде лайлы жанартаудың күшті атқылауы орын алды. Оқиға жергілікті су тазарту станциясы мен тұрғын үйлерге жақын аймақта болды.

Әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазбаларда жанартаудың кратерінен биікке көтерілген қуатты лай бағанының шығып жатқаны көрсетілген. Атқылау нәтижесінде Сьете-Вуэльтас ауданына баратын жол зақымданды.

Бірнеше шақырым қашықтықтағы асфальт бетіндегі жарықтар мен жердің сынулары туралы да хабарлануда. Дегенмен, ресми деректер бойынша атқылау қазіргі уақытта адам шығынына әкелмеді.

Қауіпті аймақтардағы тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары басталды. Әкімшілік пен арнайы қызметтер инциденттің салдарын бағалауды жалғастыруда.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Колумбиялавалы жанартауАнтиокияэвакуацияСан-Хуан-де-Урабатабиғи апат
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз