Мирзиёев Токаевке тарихи құжаттарды тапсырды
2026 ж. 11 сәуір
@TengriNews
КультураАвтор: talgatmuldash
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа бірқатар тарихи құжаттарды тапсырды. Екі ел басшысының Бухарадағы бейресми кездесуі барысында архивілік материалдар алмасты.
Қазақстан жағына Өзбекстан аумағында табылған, 1920–1950 жылдар аралығына жататын құнды құжаттардың, сызбалар мен фотосуреттердің көшірмелері берілді. Бұл материалдар Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Рабия Сұлтан Бегім мазарына қатысты.



Тапсырылған деректердің көпшілігі осы уақытқа дейін ғылыми айналымға енген емес. Олар мәдени және тарихи тұрғыдан аса құнды болып саналады.
Дереккөз: tengrinews.kz
Тегтер:Шавкат МирзиёевҚасым-Жомарт Тоқаевтарихи құжаттарТүркістанҚожа Ахмет ЯсауиБухарамәдени мұра
Қаралым: 0
Пікірлер (0)
Жүктелуде...