Қазақстан азаматтарына Таяу Шығысқа сапарлардан бас тарту ұсынылады

2026 ж. 6 наурыз
Қазақстан азаматтарына Таяу Шығысқа сапарлардан бас тарту ұсынылады

@МТИ РК

ЖаңалықтарАвтор: Mangilik

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына белсенді әскери әрекеттер тоқтағанға және жағдай қалыпқа келгенге дейін Таяу Шығыс елдеріне сапарлардан бас тартуды қатты ұсынады. Бұл шешім аумақтық әуе кеңістігіндегі елеулі шектеулермен байланысты қабылданды.

Тиісті елдердегі Қазақстанның шетелдік мекемелері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Олар онда тұратын немесе болып жатқан қазақстандықтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді.

Аймақта, соның ішінде транзиттік аймақтарда тұрған азаматтардың тізімдері жаңартылып отырады. Ағымдағы жағдай бойынша сұрақтары бар отандастар үшін мессенджерлерде оперативті чаттар құрылған, онда олар жауап ала алады.

Қазақстан туристтерінің құқығын кепілдендіру жүйесіне қатысушы туроператорлар ұйымдастырылган турлар бойынша туристтерді мейманханаларда орналастыру шығындарын өз мойнына алады. Дабырланған аймақтардан азаматтарды әкетудің мүмкін болатын шаралары мен маршруттары дайындалуда.

Сонымен қатар, шетелге туризм саласындағы ҚР азаматтарының құқығын кепілдендіру жүйесінің әкімшісі – «Туристiк Қамкор» компаниясы 28 ақпаннан бастап Таяу Шығыстың біркатар еліне турлар бойынша туркодтар беруді уақытша тоқтатты. Бұл тізімге Иран, Израиль, БАӘ, Сауд Арабиясы, Катар, Бахрейн, Кувейт, Иордания және Оман кірді.

Бұл шектеулер уақытша сипатта болып, жағдай тұрақтанғанша және туристтердің қауіпсіздігі расталғанша немесе бөлек шешім қабылданғанша қолданылады. Туркомпанияларға осы бағыттар бойынша туристiк өнiмдердi уакатша жасамау және сатпау ұсынылады.

28 ақпаннан кейін Таяу Шығыс елдеріне шығатын туристтерге Кепiлдендiру жүйесінің ережелерi қолданылмайтынын ескерту маңызды. Турларды болдырмау, кейінге қалдыру немесе аванстарды қайтару мәселелері бойынша туристер өздерi тур сатып алган агенттікке хабарласуы тиiс.

Қосымша ақпарат түскен сайын хабарланатын болады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Таяy ШьırısСІМтуркодсапартураqsızdıqконсуллъıq kömek"Турістik Қамкор"
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз