Токаев: Қазақстан мен Түркия арасында қарама-қайшылық жоқ

2026 ж. 15 сәуір
Токаев: Қазақстан мен Түркия арасында қарама-қайшылық жоқ

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның вице-президенті Джевдет Йылмазды қабылдады.

Астанаға алғаш рет сапармен келген Түркия өкілін қарсы алып, Президент Тоқаев екі елдің стратегиялық серіктес екенін атап өтті. Ол бірінші рет Қазақстанға келіп жатқан қонақты жылы сөзбен қарсы алды.

«Біздің бауырлас мемлекеттерді өзара сенім мен құрмет байланыстары біріктіреді. Дипломатиялық қатынастар орнағалы бері шамамен 35 жыл ішіндегі ынтымақтастығымыз үнемі дамып, сапалы жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстан мен Түркия арасында ешбір қарама-қайшылық пен келіспеушілік жоқ», – деді ҚР Президенті.

Тоқаев 14 мамырда Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның мемлекеттік сапармен елге келетінін хабарлады. Осы сапар аясында Стратегиялық ынтымақтастық Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, бірнеше жаңа келісімдерге қол қойылады.

Президент бүгін Астанада ҚР Премьер-Министрі мен Түркия вице-президентінің төрағалығымен өткен Үкіметаралық комиссия отырысының нәтижелері екіжақты стратегиялык серiктестiктi одан әрi нығайтуға септігін тигізетiнiне сенім бiлдiрдi.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ҚазақстанТүркияҚасым-Жомарт ТоқаевДжевдет Йылмаздипломатиясапарстратегиялык серiктестiк
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз