Мерц Си Цзиньпиннен Ресейге Украинадағы бейбітшілік үшін әсер етуін сұрады

@UlysMedia
Германия канцлері Олаф Мерц Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен Ресейге Украинадағы соғысты тоқтату үшін әсер етуін сұрады. Бұл өтініш екі ел көшбасшыларының кездесуінен кейін жасалды.
Мерц журналистермен әңгімесінде Пекиннің Мәскеу үшін маңызды партнер екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай астанасынан шығатын сигналдар, сөз де, іс-әрекет те, Ресейде өте мұқият қабылданады.
Си Цзиньпиннің осы өтінішке нақты жауабы туралы Германия канцлері айтып бермеді. Алайда, ресми «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытай лидері Украинадағы дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге қолдау көрсететінін білдірген. Бірақ ол бұл процесте барлық тараптардың заңды мүдделері ескерілуі және олардың тең қатысуы қамтамасыз етілуі керектігін атап өткен.
Олаф Мерц Қытайдағы ресми сапарын жалғастыруда. Осы сапар аясында ол бұрын Германгияға қытайлық инвестицияларды арттыруға шақырған болатын.
Дереккөз: ulysmedia.kz