Кувейт пен БАӘ мұнай өндіруін қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін

2026 ж. 6 наурыз
Кувейт пен БАӘ мұнай өндіруін қысқартуға мәжбүр болуы мүмкін

@TengriNews

Ирактан кейін Кувейт пен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) де мұнай өндіруін азайтуға тура келуі мүмкін. Бұл елдердің Ормуз бұғазы арқылы экспорттау мүмкіндігі шектелуі себеп болып отыр.

Халықаралық тасымалдың бестен бір бөлігін қамтитын Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы іс жүзінде тоқтап қалды. Дағдарыс басталғаннан бері Иран алты кемені нысана алды.

Апта басында Ирак тәулігіне шамамен 1,5 миллион баррельге дейін мұнай өндіруін азайтты. Елде сақтау қоймаларының жетіспеушілігіне байланысты бұл сан бірнеше күн ішінде тәулігіне 3 миллион баррельден асатын деңгейге жетуі мүмкін.

JPMorgan сарапшыларының есебінде Кувейттің өндірген мұнайын тағы 18 күн, ал БАӘ-нің 22 күн сақтай алатыны атап өтілді. Егер экспорттаудағы үзілістер жалғасса, осы мерзімнен кейін екі ел де өндірісті шектеуге мәжбүр болар еді.

Vortexa және Kpler компанияларының деректері бойынша, Ормуз бұғазында шамамен 300 мұнай танкері тұрып қалды.

Бұғаз ресми түрде ашық болса да, соғыс басталғалы бері сақтандыру компаниялары кемелерге арналған жабықтымдардың құнын күрт арттырды. Кейбір жағдайларда сақтандырудан бас тарту да орын алып отыр, бұл болса Ормуз арқылы өтуді көптеген тасымалдаушылар үшін экономикалық тұрғыдан тиімсіз етіп отыр.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи NBC News-ке берген сөзінде Тегеранның «Қазіргі уақытта Ормуз бұғазын жабу ниеті жоқ» дегенді айтты. Оның айтуынша, соғыс жүргізілуде және Иран барлық ықтимал сценарийлерді қарастыруда.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:Ормуз бұғазыМұнайКувейтБАӘИракЭкспортДағдарыс
Қаралым: 3

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз