Доллардың бағамы KASE саудасында төмендеді
@TengriNews
10 сәуірдегі Казақстан фондық биржасының (KASE) күндізгі сауда нәтижелері бойынша АҚШ долларының орташа салмақталған бағамы 473,31 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 5,65 теңгеге төмендегенін білдіреді.
Сонымен қатар, Ұлттық Банк 10 сәуірге арналған ресми валюта курсын белгіледі. Ол бойынша доллардың бағамы 479,82 теңге деңгейінде анықталды.
Еске салайық, 8 сәуірде АҚШ пен Иран арасындағы жағдайды тыныштандыру туралы хабарлардан кейін валюта алмасу пункттерінде доллардың курсы күрт өсті. Сол күні KASE саудасында орташа салмақталған курс 475,31 теңгеге дейін көтеріліп, 12,32 теңгеге өскен еді.
Алматы қаласындағы валюта алмасу пункттеріндегі орташа курс:
- сатып алу – 471,73 теңге;
- сату – 474,19 теңге.
Астана қаласындағы валюта алмасу пункттеріндегі орташа курс:
- сатып алу – орта есеппен 470,00 теңге;
- сату – 477,00 теңге.
Бұрын Ұлттық Банк түсіндірме беріп, бағам динамикасының 2026 жылдың басынан байқалып жатқан ұлттық валютаның нығаю үрдісін көрсететінін айтты. Бұл үрдіс ақпан айында едәуір күшейген. Банк мәліметінше, нығаю нарықтық объективті факторлармен байланысты және жеке сыртқы оқиғаларға қысқа мерзімді реакция емес.
Ұлттық Банк сонымен қатар икемді курсты ұстануды жалғастыратынын және бұл дисбаланстардан аулақ болуға және алтын-валюта резервтерін сақтауға көмектесетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, 6 наурызда Ұлттық Банк негізгі мөлшерлеме туралы шешім қабылдады. Ол +/- бір пайыздық пункт коридорымен жылдығы 18 пайыз деген бұрынғы деңгейде қалпына келтірілді.
Дереккөз: tengrinews.kz