Ормуз бұғазының жабылуынан кім байыды?
@TengriNews
Оңтүстік Кореялық миллиардер Га-Хен Чонг Ормуз бұғазының жабылуынан күтпеген пайда тапты. Әлемдік теңіз тасымалы нарығы қатты соқтығысқанына қарамастан, магнаттың табысы кенеттен өсті.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Sinokor компаниясының басшысы Жақын Шығыстағы соғыс басталардан бірнеше апта бұрын алты мұнай супертанкерін сатып алып, Парсы шығанағына бағыттады.
Экспорттың тоқтауына байланысты аймақтық қоймалардың тез толуынан кейін Чонг компаниясы өз кемелерін шикізат сақтау үшін жалға беруді бастады. Жалдау ақысы күніне 500 мың долларды құрап, өткен жылмен салыстырғанда он есеге өсті.
«Шығанақтың жабылуы кемелерді жалдау құнын тарихи биіктікке көтергеннен кейін ол енді үлкен пайда алуда», – делінген мақалада.
Агенттіктің айтуынша, кореялық бизнесменнің әлемдік танкер флотының елеулі үлесін жаппай сатып алуы нарықты таң қалдырды. Бірақ қазір ол мұнай дағдарысының негізгі жеңімпаздарының біріне айналуы мүмкін. Ақпан аяғына қарай Sinokor компаниясы шамамен 150 супертанкерді басқаратын болды.
Ормуз бұғазы – Парсы шығанағы елдерінен әлемдік нарыққа мұнай мен сұйытылған табиғи газ жеткізудегі негізгі маршрут. Ол әлемдік мұнай, мұнай өнімдері мен СПГ жеткізілімінің шамамен 20 пайызын қамтиды.
12 наурыз, бейсенбіде Иранның жаңа Жоғарғы жетекшісі Моджтаба Хаменеи Ормуз бұғазы жабылып тұруы тиіс деп мәлімдеді: Тегеран оны АҚШ пен Израильмен болған қақтығыста қысым рычагы ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.
Дереккөз: tengrinews.kz