Қытай теңіз түбін картаға түсіріп, АҚШ-қа қарсы соғысқа дайындалуда

2026 ж. 25 наурыз
Қытай теңіз түбін картаға түсіріп, АҚШ-қа қарсы соғысқа дайындалуда

@TengriNews

ЖаңалықтарАвтор: talgatmuldash

Ондаған қытайлық зерттеу кемелері Тынық, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхиттардың стратегиялық маңызды аймақтарында теңіз түбін картаға түсірумен айналысуда. Жиналған деректер АҚШ пен оның одақтастарымен болуы мүмкін қақтығыс жағдайында шешуші рөл атқара алады.

Әскери-теңіз сарапшыларының пікірінше, осы алынған ақпарат негізінде Қытай су астындағы соғыс жүргізуге болатын аудандардың рельефін толық картаға түсіре алады. Бұл жағдайда сөз субмариналар үшін арнайы шайқас алаңын даярлау туралы.

Мысал ретінде Dong Fang Hong 3 зерттеу кемесі келтіріледі. Ол 2024 және 2025 жылдары Тайвань маңы, Гуам аралы жанындағы суларда, сондай-ақ Үнді мұхитының стратегиялық өңірлерінде жүзіп жүрді. Ресми тұрғыдан кеме климатты зерттеулермен және түбек шөгінділерін зерттеумен айналысты.

Алайда, теренсу картасын жасау деректері Қытайға қарсыластарын бақылау мүмкіндігін береді. Австралияның су асты күштерінің бұрынғы командирі Питер Скотттың сөзіне қарағанда, зерттеу кемелерінен алынған деректер «Қытай субмариналары үшін шайқас алаңын даярлау кезінде баға жетпес болып шығуы мүмкін».

АҚШ Әскери-Теңiз колледжiнің профессоры Райан Мартинсон қытайлық теңiздiк ғылыми зерттеулердiң ауқымдылығы оны таң қалдыратынын атап өтті. Оның пікірінше, онжылдықтар бойы АҚШ Әскери-Теңiз Күштерi шайқас жүргiзу теңiз кеңістiгi туралы бiлiмдерiнде асимметриялы артықшылықка сенім арта алды. Қытайдың ұмтылысы осы артықшылықты әлсіретуге қауп төндірді.

Қазіргі уақытта қытай жағы осы мәліметтерге ешбір пікір білдірген жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

Тегтер:ҚытайАҚШсу асты соғысыкартаТынық мұхитсубмаринаәскери дайындык
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз