Вьетнамда жоғалған қазақстандық туралы СІМ жауап берді
@TengriNews
Вьетнамдағы Хошимин қаласында қазақстандық азамат жоғалып кетті. Жоғалған Асем деген 26 жастағы қыздың әпкесі әлеуметтік желілер арқылы оны іздеуге көмек сұрады.
Туыстарының айтуынша, Асем 6 наурыз күні байланыс үзді. Ол Ханойға Қазақстанның консулымен кездесуге ұшып кетуді жоспарлап отырған. Бірақ әуежайдан шамамен 20 шақырым қашықтықта оның байланысы үзілген.
Жақындары жоғалғанға дейін Асемнің өте қорқып, біреу оны бақылап тұр деп сезінетінін атап өтті.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мәселеге пікір білдірді. Министрліктен берілген мәліметте: «Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігі азаматтың туыстарымен байланыста және Вьетнамның құзыретті органдарымен өзара іс-кимыл жасауда. Қазіргі уақытта оның орналасқан жерін анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде. Жағдай СІМ РК бақылауында» делінген.
Асемнің отбасы Вьетнамда немесе көршілес елдерде тұратын, сондай-ақ онда таныстары мен туыстары бар барлығына үн қосып, іздеуге көмектесуін сұрады. WhatsApp пен Telegram-дағы туристік және жергілікті қауымдастықтарға ерекше назар аудартуды өтінді.
Дереккөз: tengrinews.kz