Қазақстан Climatescope рейтингінде таза энергетикаға инвестициялар бойынша орнын жақсартты

2026 ж. 14 сәуір
Қазақстан Climatescope рейтингінде таза энергетикаға инвестициялар бойынша орнын жақсартты

@МЭ РК

Қазақстан соңғы жылдары таза энергия саласына инвестициялардың тартымдылығын бағалайтын халықаралық Climatescope рейтингінде айтарлықтай өсу көрсетті. Дамушы нарықтар арасындағы республиканың орны 2017 жылғы 54-ші орыннан 2025 жылы 24-ші орынға дейін көтерілді. Бұл қайта жаңартылатын энергетиканың белсенді дамуы мен инвестициялық ортаның жақсаруын көрсетеді.

Орнының өсуіне қайта жаңартылатын энергетика жобаларына салынатын инвестициялар көлемінің ұлғаюы себеп болды. Ел ҚЖЭ саласын қолдау саясатын, соның ішінде аукциондар мен «жасыл» энергияны кепілдендірілген сатып алу тәсілдерін белсенді енгізуде.

Таза энергетиканы дамыту жолында Қазақстан маңызды қадамдар жасауда. Инвесторлардың өсіп келе жатқан қызығушылығы мен нарықтық жағдайлардың жақсаруы республиканың төмен көміртекті технологияларға капитал тарту бойынша аймақтағы көшбасшылардың біріне айналу үстінде екенін дәлелдейді.

TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты ірі компаниялар елге кірді. 2035 жылға дейінгі ұзақ мерзімді перспективада елде 8 ГВт-тан аса қуаттылығы бар ҚЖЭ қондырғылары іске қосылуы жоспарлануда, бұл ұлттық энергожүйенің тұрақтылығын және энергетикалық балансты әртараптандыруды қамтамасыз етеді.

Climatescope елдерді негізгі көрсеткіштер бойынша бағалайды: инвестиция деңгейі, инфрақұрылым, саяси қолдау және нарықтық мүмкіндіктер. Қазақстан осы барлық көрсеткіштерді жақсарту үстіндегі тұрақты үрдісті көрсетуде, бұл «жасыл» экономиканы дамыту мен халықаралық жобаларды іске асыру үшін жаңа перспективалар ашады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:Climatescopeтаза энергетикаинвестицияҚЖЭҚазакстанхалыкаральик рейтинг
Қаралым: 8

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз