Казахстан мұғалімдерінің жалақысына қанағаттану деңгейі бойынша әлемдік бестікке кірді

@МП РК
Халықаралық TALIS-2024 зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан мұғалімдердің жалақысына қанағаттану деңгейі бойынша әлемдегі алдыңғы бес елдің қатарына енді. Бұл көрсеткіш 2018 жылғы 39%-дан өсіп, 2024 жылы 71%-ға жетті.
Бүгінгі таңда елдегі педагогтардың 95%-ы өз жұмысына қанағаттанатынын мәлімдейді, бұл кәсіби қанағаттанудың жоғары деңгейін көрсетеді. «Педагог мәртебесі туралы» Заңның қабылдануы саланың бірқатар жүйелік мәселелерін шешуге мүмкіндік берді. Мұғалімдердің апталық жұмыс ауыртпалығы 50 сағаттан 36 сағатқа дейін азайтылды, демалыс ұзақтығы 56 күнге дейін ұлғайтылды.
Соңғы жылдары мектеп мұғалімдерінің айлығы екі есеге өсті, балабақша тәрбиешілерінің еңбекақысы 30%-ға артты. Бұл шаралар әкімшілік ауыртпалықты азайтып, педагогтардың балаларды оқыту мен кәсіби дамуға назар аударуы үшін жағдай жасады. Нәтижесінде магистр дәрежесі бар мамандардың үлесі үш есе өсіп, 11%-ды құрады.
Қазақстан мұғалімдерінің кәсібилігі халықаралық деңгейде де танылуда. Алматы қаласының химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусованың Global Teacher Prize байқауы нәтижесінде әлемнің ең үздік 50 педагогының тізіміне енген фактісі бұның айқын мысалы болып табылады. Сонымен қатар, Президенттің қолдауымен бес педагогке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, тоғыз он бес мұғалім «Қазақстанның енбек сiњiрген ұстазы» атағына ие болды.
Болашақта министрлік жастар мамандарын қолдауды, цифрлық сауаттылықты дамытуды және кадрлар даярлаудың озық стандарттарын енгістудьщ жалгастырадьщ. Педагогтар кукьщъщ зацди заццау зацодарьщъщ жетiлдiру мен олардьщ оз функцияларьща тиiспейтiн мидеттерден босату басым болып каладьщ. ЖYзеге асырылуьща турган шаралар кешенi елдiн интеллектуалдьщ элеуетiн ньщагайлауга жэне билiм беру тецсиздiгiн, эсерресе ауылдьщ аудандардагыны, азайтуга багытталган.
Дереккөз: www.gov.kz