Мажилис ратификациялады: Қазақстан мен Аустрия арасында реадмиссия туралы келісім

@UlysMedia
Парламент төменгі палатасы – Мажилис депутаттары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Аустрия Республикасының федералдық үкіметі арасында заңсыз тұрушы тұлғалардың реадмиссиясы және транзиті туралы келісімді ратификациялады.
Келісімнің негізгі мақсаты екі елдің өз аумағында ұлттық заңнама талаптарын бұзып тұрған адамдарды қайта қабылдау және өткізу саласындағы ынтымақтастығына заңды негіз жасау болып табылады.
Құжатта тараптардың бір-біріне заңсыз мигранттарды және тұру немесе өмір сүру шарттарына сәйкес келмейтін тұлғаларды қайтаруының ережелері мен мерзімдері бекітіледі. Сонымен қатар, тек екі елдің азаматтары ғана емес, үшінші мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау, тапсыру және транзитке дайындау кезіндегі бірлескен іс-шаралар тәртібі белгіленеді.
Үшінші елдердің азаматтарын реадмиссиялау мәселелерін қарастырғанда, оларды азаматтығы бар мемлекетке қайтару көзделген. Азаматтығы жоқ тұлғалар соңғы тұрақты тұратын елге немесе оларға жол құжаттарын берген мемлекетке реадмиссияланады.
Бұдан бұрын Парламенттің жоғарғы паласасы – Сенат депутаттары Қазақстан мен Франция үкіметтерінің «тұлғаларды реадмиссиялау туралы» келісімін ратификациялаған болатын.
Дереккөз: ulysmedia.kz