Референдумға шетелдегі сайлау учаскелерінің саны азайтылды
@TengriNews
15 наурызда өтетін республикалық референдумға дайындық аясында шетелдегі сайлау учаскелерінің саны қысқартылды. Бастапқыда 80 учаске ашылуы жоспарланса, енді 54 елде 71 учаске ғана жұмыс істейді.
Орталық референдум комиссиясының (ОРК) төрағасы Нұрлан Әбдіров бұл туралы мәлімет берді. Шетелде тұратын 14 230 қазақстандық азаматтар дауыс бере алады.
Сайлау учаскелерінің санын қайта қарау бірқатар мемлекеттердегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты болды. Сыртқы істер министрлігінің орынбасары Ерлан Әлімбаев бұл туралы түсіндірме берді.
«Иран, Израиль, Иордания, Катар, Оман, Ливан, Кувейт, Дубай және Украинадағы 11 учаскенің жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылданды», – деп хабарлады СІМ өкілі.
Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, шетелдегі учаскелер саны 80-нан 71-ге дейін азайған соң, ел бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны 10 402-ге тең болды.
Аталған елдерде соңғы уақытта жағдай күрт шиеленісті. Аятолла Әли Хаменеи қайтыс болған туралы хабарлар тарап, Иран мен Израиль арасындағы қарулы қақтығыстар күшейді. АҚШ-тың Бахрейндегі бесінші флот базасына ракета тиді, Катар мен Кувейтте ауа шабуылдарынан кейін ауе келіп-кету тоқтатылды.
Республикалық референдум Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 ақпандағы Жарлығымен өткізіледі. Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.
«Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» – деген сұрақ бір дауыс беру парағында орналасады.
Негізгі заңның мәтінінің 84 пайызына өзгерістер енгізілген. Азаматтар тек бүкіл құжатты толығымен қолдау немесе бас тару үшін дауыс бере алады; тармактар немесе баптар бойынша бөлек дауыс беру болмайды.
Дереккөз: tengrinews.kz