Қазақстандықтарға Иранға сапарлаудан уақытша бас тарту ұсынылады

@МИД РК
Иран Ислам Республикасының айналасындағы шиеленіс сақталуына байланысты, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі азаматтарға жағдай тұрақтанады дегенге дейін Иранға барудан уақытша бас тартуды ұсынады.
Қазіргі уақытта Иранда тұрған қазақстандықтарға елден шығып кету, сондай-ақ қауіпсіздік шараларын күшейту, сақтық пен абайлылық таныту, жаңалықтарды қадағалау және жергілікті билік органдарының ұсынымдарын қатаң сақтау ұсынылады.
Сонымен қатар, сыртқы істер министрлігі азаматтарды Жерорта теңізінің шығыс аймағы елдеріне сапар жоспарлау кезінде ағымдағы жағдай мен оның кенеттен шиеленісу мүмкіндігін ескере отырып, өлшеусіз көзқараспен қарауға шақырады.
Ирандағы Қазақстанның дипломатиялық мекемелері қалыпты режимде жұмыс істейді.
Иранда тұрған ҚР азаматтары мен олардың Қазастанындағы туыстары үшін қосымша және жедел алу үшін байланыс желілері ашылып тұр. Келесі нөмірлерге хабарласуға болады:
- ҚР СІМ:
+7 (7172) 72 01 11 (дежурный дипломат; жұмыс күндері – 19:00-ден 09:00-ге дейін, демалыс күндері – тәулік бойы);
+7 7172 72 05 00 (Консулдық қызмет департаменті). - ҚР Елшілігі (Тегеран):
+98 21 2256 5933 (Елшілік дежурлығы);
+98 936 208 4672 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекен-жайы: Тегеран, Даррус, Хедаят көшесі, №83.
Электронды пошта: tehran@mfa.kz, kaztehran211@gmail.com - ҚР Бас консулдығы (Горган):
+98 912 298 0350 (ұялы телефон);
+98 173 252 0443 (жұмыс телефоны);
+7 701 771 34 01 (Whatsapp);
Мекен-жайы: Горган, Едалат-97 көшесі, Мина аллеясы.
Электронды пошта: gorgan@mfa.kz - ҚР Консулдығы (Бандер-Аббас):
+98 930 298 57 03 (ұялы телефон, Whatsapp);
Мекен-жайы: Бандер Аббас, Фадждыр көшесі, Вальфаджыр-1 аллеясы, №7 үй.
Электронды пошта: kzvisabnd@gmail.com
Дереккөз: www.gov.kz