Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға уақытша тыйым ұзартылуда

2026 ж. 17 сәуір
Қазақстаннан мұнай өнімдерін шығаруға уақытша тыйым ұзартылуда

@МЭ РК

Энергетика министрлігі бензин, дизель отыны және кейбір мұнай өнімдерін Қазақстан аумағынан шығаруға қойылған уақытша тыйымды ұзартуды жоспарлап отыр.

Жобаланған бұйрыққа сәйкес, 2026 жылдың 21 мамырынан 2026 жылдың 21 қарашасына дейін мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ мүше мемлекеттеріне шығаруға тыйым салынуын жалғастыру көзделеді. Сонымен бір мезгілде жеңил дистилляттарды теміржол көлігімен шығару шектеулері де сақталады.

Сондай-ақ, 2026 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жеңил дистилляттарды, авиакеросинді, дизель отынын, газойльдерді, толуолды, ксилолды және мұнай битумын шығаруға қосымша тыйым ұзартылатын болады.

Қолданыстағы шаралар Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің тұрақтылығын сақтауға бағытталған.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:энергетика министрлігімунай онімдерітыйымбензиндизель отыныэнергетикалык кауіпсіздікишкі нарык
Қаралым: 0

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз