Kazakhstan Investment Day Франкфуртта өтті: Германия бизнесімен келісімдер жасалды

2026 ж. 26 ақпан
Kazakhstan Investment Day Франкфуртта өтті: Германия бизнесімен келісімдер жасалды

@МПС РК

ҚаржыАвтор: Mangilik

Германияның қаржы астанасы Франкфурт-на-Майне қаласында «Kazakhstan Investment Day» инвестициялық форумы өтті. Шараға 200-ден астам неміс компанияларының, салалық бірлестіктердің, қаржы институттары мен банк секторының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нагаспаев өз сөзінде елдің индустриялық саясатының басымдықтарын ұсынып, экономиканы әртараптандыруға, өңдеу өнеркәсібін дамытуға және шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізілетін жұмыстар туралы айтты. Германия инвесторлары үшін қолайлы жағдайлар жасауға дайындығы ерекше атап өтілді.

«Соңғы 20 жылда Германияның Қазақстан экономикасына тікелей инвестициялары 6,5 млрд еуродан асты, ал салымдардың шамамен 90% өңдеу өнеркәсібіне келеді. Бірлескен жобалар портфелінде 54,3 млрд АҚШ доллары сомасындағы 43 инвестициялық бастама бар, олардың 20-сы сәтті іске асырылып, шамамен 3 мың жұмыс орнын құрды», – деді Ерсайын Нагаспаев.

Форум аясында «Өнеркәсіп, шикізат, логистика» және «Неміс, еуропалық және қазақстандық инвесторлар үшін қаржыландыру құралдары» тақырыбында подиумдық пікірталастар болып өтті. Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың практикалық аспектілері мен технологиялық ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды.

✍️

Министр жұмыс сапары барысында Қазақстан экономикасының өнеркәсіптік, шикізаттық секторларында жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылығы бар «Airbus», «Noble Elements GmbH», «D.A.R Metal», «Schachtbau Nordhausen» және «Thyssen Schachtbau» компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Сонымен қатар Мемлекеттік хатшы Томас Штеффенмен, Шығыс комитетінің атқарушы директоры Михаэль Хармспен және KfW директоратының мүшесі Кристиан Лайбахпен келіссөздер болып, екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен болашағы талданды.

Шара нәтижесінде «KfW IPEX-Bank» пен «Solidcore Resources plc» компаниялары арасында автоклав тотығу технологиясын пайдалана отырып ТОО «Ертіс гидрометаллургия комбинатын» салу инвестициялық жобасын іске асыруға бағытталған 100 млн АҚШ доллары көлеміндегі каржыландыру туралы ниет туралы келісімге кол қойылды.

🤝

Форудмын өту екі жақтың да ҚР мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы стратегиялық серіктестіктi одан әрi нығайтудағы Өзара мүдделілігін растады.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:инвестицияГерманияЕрсайын НагаспaевэкономикафорумFранкуфртKfW
Қаралым: 4

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз