Бакудағы кездесуде Қазақстан газ және жасыл энергия басымдықтарын растады

@МЭ РК
Баку қаласында Оңтүстік газ дәлізінің Кеңесшілер кеңесінің 12-ші министрлік отырымы және жасыл энергетика бойынша 4-ші министрлік кездесу өтті. Оған Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев пен ЕО-ның энергетика және тұрғын үй саясаты жөніндегі комиссары Дан Йоргенсен қатысты.
Жалпы, энергетика саласының өкілдерінен 27-ден астам мемлекет пен 49 халықаралық компанияның делегациялары жиналды.
Қазақстанды Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов өкілді етті. Ол өз сөзінде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы энергетикалық серіктестіктің стратегиялық сипатын атап өтті. Кездесу барысында Оңтүстік газ дәлізінің болашақ әлеуеті, оффтейкерлердің сұранысы, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының жүктемесі және басқа да перспективалар талқыланды.
«Қазақстан энергетика саласындағы Әзірбайжанмен стратегиялық серіктестігін жоғары бағалайды, онда біз жаңа ынтымақтастық бағыттарын дамыту үшін айтарлықтай әлеует көреміз. Мен Қазақстан, Әзірбайжан және Өзбекстан арасындағы жасыл энергияны өндіру мен таратудың ауқымды жобасы бойынша келісімдерді ерекше атап өтемін. Мемлекеттерimiz басшылары қол қойған келісім шарт бiздiң экологиялық мақсаттарымызға – жасыл инвестицияларды тарту арқылы шығарындыларды азайтуға қол жеткізуге ықпал етедi», – деді Санжар Жаркешов.
Бұл жоба институционалды түрде ресімделген: бірлескен кәсіпорын құрылды, оны ратификациялау рәсімдерi басталды.
Дереккөз: www.gov.kz