Казахстан детальды геологияға көшеді: 100 мың шаршы шақырым аумақ зерттелді
@МПС РК
Қазақстан жер қойнауын мемлекеттік деңгейде зерделеу бағдарламасының орындалу барысы жарияланды. Стратегиялық маңызды ресурстарға сұраныстың өсуі жағдайында еліміз геологиялық деректердің дәлдігін арттыруға және оларды инвестициялық тартымды етуге бағытталған.
Негізгі жаңалық – бұрынғы 1:200 000 масштабынан халықаралық стандарттарға сәйкес келетін 1:50 000 детальды түсірімге көшу. Бұл аумақтарды жоғары дәлдікпен зерттеуге мүмкіндік береді.
2025 жылы осындай детальды түсірім жобалары 100 мың шаршы шақырым аумақ үшін дайындалды. Жұмыстар нәтижесінде алтын, мыс, қорғасын, мырыш және басқа пайдалы қазбалар бар 29 перспективті алаң анықталды.
Көмірсутек шикізатының кен орындарын зерттеу де жалғасуда. Арал өңірінде бірнеше ондаған перспективті учаскелер табылып, олар кейіннен аукционға шығарылуы жоспарлануда.
Геология саласы белсенді цифрландыруда. Жер қойнауын пайдаланудың Бірыңғай платформасы арқылы 22 мемлекеттік қызмет көрсетілуде, сонымен қатар 66 мыңнан астам геологиялық есепке қолжетімділік қамтамасыз етілген. Бастапқы геологиялық ақпараттың 97,5%-і сандық форматтағы болып, бұл жұмысты аяктау 2026 жылға жоспарланған.
Алдағы үш жыл ішінде мемлекеттік геологиялық зерттеулерге шамамен 240 миллиард теңге бөлінуі көзделген. Алғашқы перспективті учаскелерді аукцион арқылы ұсыну 2027 жылдан бастап жоспарлануда.
«Біз деректер жинау сатысынан оларды терен талдау мен инвестициялық іске асыру сатысына өтеміз», – деп Геология комитетінің м.а. Төрайымы Канат Ерубаев баса назар аударды.
Дереккөз: www.gov.kz