Қазақстан мен Өзбекстан теміржол жүк айналымын екі есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр

2026 ж. 24 ақпан
Қазақстан мен Өзбекстан теміржол жүк айналымын екі есеге дейін арттыруды жоспарлап отыр

@МТ РК

ӘлемАвтор: Mangilik

Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен делегациясы шекаралық маңызды теміржол тораптарына жұмыс сапарымен барды. Бұл сапар екі елдің көлік министрліктері арасындағы келісімдерді іске асыру, атап айтқанда жылдық жүк айналымын 60 миллион тоннаға дейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

Делегация құрамына теміржол әкімшіліктерінің басшылары, Шекара қызметі өкілдері, Мемлекеттік табыс комитеті (МТК), сондай-ақ фитосанитарлық және ветеринарлық бақылауға жауапты Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары кірді.

Сапар барысында стратегиялық маңызы бар Сарағаш пен Сырдария стыктары мұқият тексерілді. Дәл осы нысандар өткізу қабілетін кеңейту үшін негізгі бекеттерге айналады, бұл елдер арасындағы тасымалдау көлемін екі есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Іс-шара барысында инфрақұрылымды дамыту мәселелері, өткізу қабілеті мен теміржол тасымалдауының тиімділігіне әсер ететін «тарылу орындарын» жою бағыты қарастырылды.

Тараптар стыктардың өткізу қабілетін жоспарлы түрде кеңейтудің басымдығын растады. Сарағаш стығының өткізу қабілетін тәулігіне 36-дан 40 пойыз жұбына дейін арттыру, ал Оазис стығында бес есеге – тәулігіне 10 пойыз жұбына дейін өсіру жоспарлануда. Ерекше назар Сырдария стығының дамуына аударылуда: Дарбаза – Мақтарал стратегиялық учаскесі пайдалануға берілгеннен кейін бұл көрсеткіш те тәулігіне 10 пойыз жұбына дейін артырылады. Бұл 60 миллион тонна деген мақсатты жүк айналымына қол жеткізу үшін қажетті техникалық негізді қамтамасыз етеді.

Дереккөз: www.gov.kz

Тегтер:ҚазақстанӨзбекстантеміржолжүк тасымалышекараинфрақұрылымэкономика
Қаралым: 2

Пікірлер (0)

Жүктелуде...
Келесі мақала жүктелуде...

Сондай-ақ оқыңыз